Бұл — Әлихан Бөкейханға арналған цифрлық музей. Музейде төрт зал бар. Бетті төмен айналдырып, тараулар бойынша саяхаттаңыз. Залдарды жоғарғы мәзірден (телефонда — төменгі мәзірден) ауыстырыңыз.

Музей :КіріспеӘ
Пролог1866–1937
«Ұлтына, жұртына қызмет ету — білімнен емес, мінезден»
Әлихан Бөкейхан
төмен
Өмір жолы
1866

Әлихан Бөкейхан

1937

Ғалым, публицист, Мемлекеттік Думаның депутаты, Алашорда үкіметінің төрағасы. Ол қазақ халқының өз мемлекеті болуын армандады.

«Ұлт зиялыларының ортасында» (islam.kz)
1-зал

Өмір жолы

Өмірбаян · Хронология · Орындар →
2-зал

Музей

Экспонаттар · Кітаптар · Фото · Видео →
3-зал

Тарихшы шеберханасы

Білесің бе? · ЖИ-детектив · Викторина →
4-зал

Мұғалімге

ЖИ-мен сұхбат · Дереккөздер →
Жаңалық · 2026

Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл

Мерейтойға орай елімізде конференциялар өтіп, жаңа кітап пен деректі фильм жарық көрді. Біздің цифрлық музей — оқушылар мен мұғалімдерге арналған тегін ресурс.

I тарау

Өмірбаян

1866–1937
Булла ательесі, Санкт-Петербург, 1906
1-зал · Өмір жолы

Өмірбаян

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан — ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі. Биыл, 2026 жылы, оның туғанына 160 жыл толды.

Балалық шағы мен білімі

1866 жылы 5 наурызда Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысында дүниеге келген. Бұл жер қазір Қарағанды облысының Ақтоғай ауданына қарайды. Арғы тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайды.

Алдымен Омбыдағы техникалық училищені, кейін 1890–1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетін бітірген. 24 жасында тегін Нұрмұхамедовтен Бөкейхан деп өзгерткен.

Саясаткер және ұлт көсемі

1906 жылы Ресей империясының І Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланды. Патша Думаны таратқанда, оған қарсы Выборг үндеуіне қол қойып, тұтқынға алынды.

1917 жылы желтоқсанда Алаш автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан Алашорда үкіметінің төрағасы болды. Кеңес өкіметі тұсында бірнеше рет тұтқындалып, 1937 жылы 27 қыркүйекте Мәскеуде атылды. 1989 жылы ақталды.

1866Тоқырауын болысында дүниеге келді
1906І Мемлекеттік Думаның депутаты
1917Алашорда үкіметінің төрағасы
1989Толық ақталды
II тарау

Өмір жолы

1866–1989
Санкт-Петербург Орман институты
1-зал · Өмір жолы

Хронология

Әлиханның өмірі жеті тарауда. Төмен айналдырыңыз: сол жақтағы фото кезеңмен бірге ауысады. Сүзгі арқылы тақырыпты таңдаңыз.

III тарау

Экспонаттар залы

18 экспонат
«Қазақ» газеті
2-зал · Музей

Цифрлық музей

Әр экспонатты ашып, тарихын оқыңыз. Соңында сізге бір сұрақ беріледі. Ойланыңыз!

1-зал · Еске алу орындары

Әлихан Бөкейханмен байланысты орындар

Әлихан Бөкейханның жеке ресми сайты да, оның атындағы жеке мұражай да әзірге жоқ. Бірақ оның есімі сақталған орындар бар: барып көруге немесе виртуалды саяхат жасауға болады.

ТалдыбейітҚұлпытас
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы

Талдыбейіт некрополі

Мұнда Әлиханның әкесі Нұрмұхамед пен анасы Бекжан-ханым, атасы Мырзатай, бауырлары жерленген. Әкесі 1901 жылы қайтыс болған. 1905 жылы Әлихан зират басына екі ағаш отырғызған, «Талдыбейіт» атауы осыдан шыққан деседі. Ағаштың бірі әлі өсіп тұр (суретте).

Мұнда төрелердің 30-ға жуық жерленген орны бар. Араб жазуындағы құлпытастарда әулеттің шежіресі Шыңғыс ханға дейін жазылған. Кеңес кезінде жазулардың бір бөлігі өшіртілген, бірақ жартысына жуығы сақталған. Сол жақтағы суретте құлпытас.

Дереккөз: kazpravda.kz

Семей

«Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» мұражайы

Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлының отбасылары тұрған Әнияр Молдабаевтың үйінде орналасқан. Мұнда Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхтар Әуезов, Шәкәрім Құдайбердіұлының балауыз мүсіндері бар.

Дереккөз: inform.kz

Қарқаралы

Қарқаралы тарихи-өлкетану мұражайы

Әлиханның туған өлкесіндегі мұражай 1977 жылы қоғамдық негізде ашылған.

Дереккөз: gov.kz

Мәскеу, Үлкен Кисловский тұйық көшесі, 4-үй
Мәскеу · 1922–1937

Соңғы мекенжайы: Большой Кисловский переулок, 4

Сұлтан Хан Аққұлының жазуынша, Әлихан Мәскеудегі 15 жылын (1922–1937) осы үйдегі коммуналдық пәтердің бір бөлмесінде (15-пәтер) өткізген. Ол мұнда қызы Елизавета мен ұлы Өктайдың, кейін немересі Ескендірдің қасында тұрды.

Тар бөлмеге Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұлан сияқты студенттер, Ахмет Байтұрсынұлы, Досмұхамедовтер жиі келіп тұрған. 1930 жылдары бұл пәтер сотталған алаштықтардың әйелдері мен балалары лагерьге не елге бара жатқанда түнейтін аялдамаға айналды.

Үй 1913 жылы сәулетші Н. Чернецовтың жобасымен салынған және әлі тұр. Майя Бекбаеваның фильмінде дәл осы үй көрсетіледі: дөңгелек эркерлер, балкондар, есік үстіндегі иілген темір белгі бірдей.

Үйді фильмнен көру (45:29) ↗Картадан көру ↗

Дереккөз: С. Аққұлы. The Leader of the Nation and his «Moscow Cage» // e-history.kz; m24.ru. Фото: үйдің бүгінгі көрінісі.

2-зал · Кітап сөресі

Әлиханның еңбектері және ол туралы кітаптар

Әлихан Бөкейхан — ғалым, аудармашы, публицист. Оның еңбектері бүгін де оқылады. Кітаптар хронологиялық ретпен орналасқан: алдымен Әлиханның өз еңбектері (1905–1918), сосын оның шығармалар жинақтары мен ол туралы кітаптар (1995–2026).

Абай туралы некролог
«Семипалатинский листок»
1905
Мақала

Ұлы ақын Абай туралы алғашқы жазбалардың бірі — оны Әлихан жазған.

Мәтінді оқу ↗
Крылов мысалдары
Аударған: Ә. Бөкейхан
~1905
Аударма

Крыловтың 46 мысалын қазақшаға аударған. Цензура аударманы 13 ай бойы ұстап қалған.

Аудармалары туралы мақала ↗
Киргизы
Ә. Бөкейхан
1910
Еңбегі

Қазақ даласы мен мал шаруашылығын сипаттайтын зерттеу. Ғалымдар оны қазақ этнографиясының «алтын қорына» жатқызады.

Мәтінді оқу (PDF) ↗
Дін таласы (Сурат кофеханасы)
Аударған: Ә.Б.
1913
Аударма

«Қазақ» газетінің №2 санында жарияланған. Үнді қаласы Сураттағы кофеханада әр діннің адамдары «кімнің діні шын?» деп таласады. Әңгіме тәкаппарлық емес, бір-біріне түсіністікпен қарауға шақырады. Негізгі ойы Лев Толстой арқылы Бернарден де Сен-Пьерден алынған.

Мәтінді оқу ↗
«Қазақ» газетіндегі мақалалары
«Қыр баласы», «Түрік баласы»
1913–1918
Публицистика

«Оқушыға жәрдем» сияқты мақалаларында халықты білімге, оқитын жастарға көмектесуге шақырды.

Мақалаларды оқу ↗
Ескіліктің бағалы мұрасы
Ә. Бөкейхан
ХХ ғ. басы
Этнография

«Қобыланды жырындағы әйел» сияқты еңбектерімен бірге қазақтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрін сақтап қалды.

Зерттеулері туралы мақала ↗
Таңдамалы
Ә. Бөкейхан. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»
1995
Жинақ

Таңдамалы шығармалары. Ахмет Байтұрсынұлына жазған хаты да осы кітапқа енген.

Кітапханадан сұра
«Қазақ» газеті
Құраст. Ү. Субханбердина, С. Дәуітов, Қ. Сахов. Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»
1998
Жинақ · онлайн оқуға болады

«Алаш азаматтарының рухына бағышталады». Газеттің мақалалары сол қалпы толық жарияланған, бүркеншік есімдер көрсеткіші бар (556 б.). Әлиханның «Қыр баласы», «Түрік баласы» деген есіммен жазғандарын осыдан табуға болады. Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасында оқу ↗

Онлайн оқу ↗
Шығармалар жинағы. 7 том
Құраст. С. Аққұлы
2009
Жинақ

Әлихан Бөкейхан еңбектерінің 7 томдық толық жинағы.

Кітапханадан сұра
Шығармалар жинағы. 15 том
Құраст. С. Аққұлы
2017
Жинақ

Әлихан Бөкейхан еңбектерінің 15 томдық толық жинағы. Құрастырған — алашатанушы Сұлтан Хан Аққұлы.

Кітапханадан сұра
Алихан Бөкейхан. Первый премьер-министр Казахстана
Central Asia Production
2026
Ол туралы

160 жылдыққа арналған кітап, қазақ және орыс тілдерінде. Сонымен бірге деректі фильм түсірілді.

Баспа кітабы
Онлайн оқу

Интернетте тегін оқуға болады

Әлиханның өз мәтіндері мен ол туралы зерттеулер. Бәрі жаңа бетте ашылады. Жоба немесе баяндама дайындағанда осы дереккөздердің атауын және бетін көрсетуді ұмытпа!

Ғылыми мақалалар

«Алаш» қозғалысының көсемі Ә. Бөкейханов және «Қазақ» газетіТ.Қ. Мекебаев, Ж.Ж. Құмғанбаев // ҚазҰПУ хабаршысы, 2020. Әлихан жазған басылымдардың тізімі бар. · PDF
Оқу ↗
Ә. Бөкейханның қазақ тарихы бойынша зерттеулеріҒ.К. Кенжебаев т.б. // ҚазҰПУ хабаршысы, 2024. Тарихи-этнографиялық секциядағы қызметі. · PDF
Оқу ↗
Әлихан Бөкейхан және кітап сыныШ. Құрманбайұлы // ҚазҰУ хабаршысы, 2023. Бөкейхан — қазақ рецензия жанрының негізін қалаушы. · PDF
Оқу ↗
Ә. Бөкейхан аудармаларының этномәдени ерекшеліктеріШ. Құрманбайұлы // Turkic Studies Journal, 2023. · PDF
Оқу ↗
Ә. Бөкейхан еңбектерінде қолданған мақал-мәтелдерН.Ө. Конрбаев т.б. // ҚазҰПУ хабаршысы, 2026. 160-тан астам мақал-мәтел табылған. · PDF
Оқу ↗
Өкітай Әлиханұлы Бөкейхановтың ғылымның дамуына сіңірген еңбегіК.Ж. Абдрахманова т.б. // ҚазҰПУ хабаршысы, 2026. Әлиханның ұлы, геолог туралы. · PDF
Оқу ↗
Жезқазған мыс алыбын игеру тарихындағы Ө.Ә. Бөкейхановтың қызметіК.Ж. Абдрахманова т.б. // Қарағанды университетінің хабаршысы, 2023. · PDF
Оқу ↗

7 және 15 томдық шығармалар жинағы мен С. Аққұлының монографиясы интернетте тегін жоқ. Оларды мектеп немесе қалалық кітапханадан сұраңыз.

Оқушыға тапсырма: Кітапханадан Әлихан Бөкейхан немесе Алаш қайраткерлері туралы бір кітап тауып, сыныпқа 1 минуттық шолу дайында: кітап не туралы, сені не таң қалдырды?
IV тарау

Тарих куәгерлері

Фотомұрағат
«Бірінші Думаның депутаттары» (islam.kz)
2-зал · Фотомұрағат

Тарих куәгерлері

ХХ ғасыр басындағы мұрағаттық фотосуреттер. Фотоға қарап ойлан: адамдар қандай киім киген? Қай жылдары түсірілуі мүмкін? Фотода не айтылмай тұр?

Мұрағаттық топтық фото
1-фото. Топтық сурет, ХХ ғасыр басы. Дереккөз: Wikimedia Commons
Мұрағаттық фото
2-фото. e-history.kz сайтында «Павлодар түрмесі, 1908» деп белгіленген фото. Орыс шаруа көйлегі, қазақы шапан мен қалпақ. С. Аққұлының пікірінше, жазудағы жер мен жыл қате: 1906 жылдың басында ол Павлодарда, 1908 жылы Семейде болған. Дереккөз: Омбы тарихи-өлкетану мұражайы, e-history.kz
Мұрағаттық портрет
3-фото. Мұрағаттық портрет. Дереккөз: Courtesy Image
Еске алу тақтасы
4-фото. Еске алу тақтасы: Әлихан Бөкейхан және Нығмет Нұрмақұлы (1895–1937). Екеуі де 1937 жылы 27 қыркүйекте атылған.
Бюст
5-фото. Әлихан Бөкейханға арналған бюст.
Топтық фото
6-фото. e-history.kz мақаласындағы топтық фото. Мақалада Бөкейханның Батыс Сібір география қоғамындағы әріптестерімен бірге түскен суреті (1902) аталады (төмендегі «Жас Әлихан» бөлімін қараңыз). Дереккөз: e-history.kz
Топтық фото
7-фото. e-history.kz мақаласындағы топтық фото. Мақалада оның «Халық бостандығы» (кадеттер) партиясы мүшелерінің арасында түскен суреті аталады. Дереккөз: e-history.kz
Самара
Самара. Ә. Бөкейханов Дон жер банкі Самара бөлімшесінің қызметкерлерімен (e-history.kz).
Орман институты
8-фото. Санкт-Петербург Орман институты. Әлихан мұнда 1890–1894 жылдары оқыды.
Орман институтының бүгінгі ғимараты
9-фото. Сол ғимарат бүгін: Санкт-Петербургтегі орман-техникалық университет. Бас ғимаратта Әлихан Бөкейханға арналған ескерткіш тақта бар.

Жас Әлихан: табылған фотолар мен құжаттар

2019 жылы табылған ең ерте фотосы және оқу, қызмет жылдарының құжаттары (e-history.kz). Фотодағы жазулар сол дереккөздегідей.

1-фото. Ең ерте фотосы: А.А. Беляков және Ә.Н. Бөкейхан. Омбы, шамамен 1896–1897 (В. Коркин түсірген).
Санкт-Петербург Орман институтының аттестаты (1894).
1897 жылғы мамырдағы құжат: орман қызметінен кетуі туралы.
Мұрағаттық портрет (e-history.kz, №7 фото).
Ә.Н. Бөкейхан. Омбы, 1902 ж. Қасында — губерниялық хатшы шенінің белгісі.
Орыс география қоғамы Батыс Сібір бөлімінің 25 жылдығына жиналған Басқару комитетінің мүшелері. Омбы, 1902 ж.
Ә.Н. Бөкейхан — І Мемлекеттік Думаның мүшесі. Булла фотоательесі, 8 шілде 1906 ж., СПб.

Өмір жолы фотоларда

Фотолар Әлиханның жас кезінен соңғы жылдарына дейінгі өмірін көрсетеді. Жазулар дереккөздегідей берілді. Тапсырма: фотоларды уақыт ретімен орналастырып көр!

10-фото. «Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан». Булла ательесі, Санкт-Петербург, шілде 1906 (фотодағы жазу бойынша).
11-фото. Мұрағаттық портрет.
12-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Бірінші ДУМА-ның депутаттары».
13-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Алаш көсемдері — Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлы».
14-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Самарада». (e-history.kz бұл фотоны кадеттер партиясы мүшелерімен деп береді: дереккөздер әртүрлі!)
15-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Ұлт зиялыларының ортасында».
16-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Күйеубаласы Смағұл Сәдуақасов пен қызы Лиза».
17-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Жиені Ескендірмен».
18-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Үйқамақта отырған Мәскеудегі пәтерінде».
19-фото. islam.kz мақаласындағы жазу: «Әлиханның атылар алдындағы суреті».

Семейдің «Алаш» цифрлық кітапханасынан

Абай атындағы Семей кітапханасының цифрлық жинағындағы фотолар мен құжаттар (alash.semeylib.kz). Жазулар мен «құжат иесі» сол дереккөздегідей берілді. Тапсырма: «Ақ жол» газетіндегі мақала қандай жазумен басылған? Атауына қарап, мақала не туралы екенін болжап көр!

Териоки, 1906. «Алихан Бокейханова фотосы. 1906 ж., Териоки». Құжат иесі: Серікбол Хасанның жеке мұрағаты.
«Выборг үндеуі» газетімен. Алихан Бокейханов, Териоки, 1906 (файл атауы бойынша). Құжат иесі: Серікбол Хасанның жеке мұрағаты.
«Алаш депутаттары дастархан басында». Териоки, 1906. Құжат иесі: Серікбол Хасанның жеке мұрағаты.
Мемлекеттік Думадағы кадеттер фракциясы. Конституциялық-демократиялық «Халық бостандығы» партиясы фракциясының мүшелері. Құжат иесі: Серікбол Хасанның жеке мұрағаты.
«Степной край» газетінің ұжымы. Әлихан Омбыда шыққан осы газетке мақалалар жазған. Құжат иесі: Серікбол Хасанның жеке мұрағаты.
«Бәрі аш қазақ халқына». Ә. Бөкейхановтың мақаласы // «Ақ жол», №183. Түпнұсқа, араб әрпімен (төте жазу). Құжат иесі: Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейі.
Әлихан Бөкейханов. Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан.
Павлодар түрмесінен жазған хаты. Хат мәтінінің көшірмесі, 1906. Құжат иесі: Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі.

Дереккөз: alash.semeylib.kz — Бокейханов Алихан (фотогалерея); alash.semeylib.kz — Букейханов Алихан (құжаттар).

Мультфильм: «Әлихан ата өзі туралы»

Мультфильмдегі Әлихан ата — суретшінің ойдан шығарған кейіпкері. Мәтінді ЖИ тарихи деректер негізінде жазды, дауысты да ЖИ берді (ISSAI KazakhTTS дауысы — Iseke, Piper).

Әлихан атаның балаларға өсиеті (ЖИ-реконструкция: оның нақты ойлары мен істеріне негізделген)
  1. Білім алыңдар, оқудан жалықпаңдар. Ол Омбы мен Петербургте оқыған, Ә. Ермековтің айтуынша, тоғыз тіл білген.
  2. Бір-біріңе көмектесіңдер. «Оқушыға жәрдем» мақаласында шәкірттерге көмек қоғамын ұсынған.
  3. Тіліңді, тарихыңды, жеті атаңды біл. Халықтың өз атын «қазақ» деп қорғаған, «Жеті атасын білмеген — мәңгүрт» деген.
  4. Пікірлерің әртүрлі болса да, сыйлаңдар. Әйелінің дінін құрметтеген, «Дін таласы» әңгімесін аударған.
  5. Елдің бірлігін сақтаңдар. Алаштың басты арманы — қазақтың өз мемлекеті.
Видеозал

Тарих экранда

5 видео
«Алаш көсемдері» (islam.kz)
2-зал · Видеозал

Әлихан туралы фильмдер мен сұхбаттар

Деректі фильмдер, тарихшылардың сұхбаттары және көркем фильм. Видеолар YouTube-та ашылады. Көріп отырып ойлан: бұл — дерек пе, әлде автордың пікірі ме?

Тыңда · Тарихшы сөйлейді

Сұлтан Хан Аққұлы: «Әлихан Бөкейхан Шыңғыс ханның ұрпағы ма?»

15 томдық жинақты құрастырған алашатанушымен сұхбат: Алаш қозғалысы, Мемлекеттік Дума, Алаш Орда кезеңі, шежіресі, масондық ұйымға қатысы туралы деректер, Мұстафа Шоқаймен байланысы және Мәскеудегі үйқамақ.

Qalam Tarih · YouTube · 30.04.2025 · ~1 сағ 17 мин · YouTube-та ашылады ↗
Көр · Деректі фильм (орыс тілінде)

Алихан Бокейхан: «Я в вечном долгу перед казахами»

Алаш көсемінің өмірі, күресі және қазасы туралы фильм: кеңес өкіметін мойындамай, өз нанымынан айнымаған адамның тағдыры.

Майя Бекбаева · YouTube · 20.01.2021 · YouTube-та ашылады ↗
Көр · «Әулет» бағдарламасы

Әлихан Бөкейхан жайлы сіз білмеген деректер

Әлиханның тегі, өміріндегі қиындықтар және ұрпақтарының ауыр тағдыры туралы бағдарлама.

Қазақстан Тарихы · YouTube · 26.05.2022 · YouTube-та ашылады ↗
Тыңда · «Қарекет» ток-шоуы

«Талқы»: Әлихан Бөкейхан

Ғалым, тарихшы, заңгер және әдеби сыншы Әлихан Бөкейханға арналған талқылау бағдарламасы.

Qazaqstan телеарнасы · YouTube · 25.04.2019 · YouTube-та ашылады ↗
Көр · Көркем фильм · 102 мин

«Тар заман» (реж. Мұрат Бидосов)

«Алаш» партиясының 100 жылдығына арналған тарихи драма: 1917 жылғы оқиғалар, Алаш үкіметінің құрылуы; кейіпкерлері — Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Жұмабайұлы. Есте сақта: бұл — көркем фильм, кейбір көріністер ойдан алынған.

Qazaqstan телеарнасы · YouTube · 2018 · YouTube-та ашылады ↗
Тапсырма: Сұхбаттан бір деректі таңдап, оны сайттағы басқа дереккөздермен салыстыр. Олар сәйкес келе ме? Қай дереккөзге көбірек сенуге болады және неге?
3-зал · Тарихшы шеберханасы

Білесің бе?

Карточканы басып, жауабын көріңіз.

V тарау

ЖИ-детектив

Деректі тексер
«Үйқамақта отырған Мәскеудегі пәтерінде» (islam.kz)
3-зал · Тарихшы шеберханасы

ЖИ-детектив

Жасанды интеллект Әлихан Бөкейхан туралы мәтін жазды. Бірақ оған әрдайым сенуге бола ма? Мәтінде 4 қате жасырылған. Қате деп ойлаған сөйлемді басыңыз, сосын «Тексеру» батырмасын басыңыз. Көмек керек болса, музей залдарына қайта оралыңыз!

ЖИ жауабы

Детектив дәптері

Белгіленген сөйлемдер: 0 / 4

3-зал · Тарихшы шеберханасы

Тағы үш ойын

Музейде көргеніңді тексер! Ойынды таңда. Көмек керек болса, «Өмір жолы» залына қайта оралуға болады.

Төмендегі оқиғаларды басып, оларды ерте болғанынан кейінгісіне қарай ретімен таспаға орналастыр. Қате басып қалсаң, таспадағы оқиғаны қайта бас.

Мұрағаттық фото

Бұл фотода не бейнеленген?

4-зал · Тірі сұхбат

Әлихан Бөкейханмен «сұхбат»

Әлиханға сұрақ қой: оның атынан ЖИ жауап береді. Бірақ есіңде болсын: бұл нағыз Әлихан емес, ЖИ ойнап тұрған рөл, ол қателесуі мүмкін. Әр жауапты тексеріп, «рас», «күмәнді» немесе «қате» деп белгіле.

Сәлем, шәкірт! Мен Әлихан Бөкейханмын. 1866 жылы Тоқырауын болысында дүниеге келдім. Өмірім, оқуым, «Қазақ» газеті немесе Алаш туралы не білгің келеді? Бұл сәлемдесу алдын ала жазылған.
Мұғалімге: сыртқы ЖИ-ге арналған дайын сұрау үлгілері

Сабақта ЖИ-ді мұғалім экраннан басқара алады. Үлгіні көшіріп, ЖИ-ге беріңіз, ал оқушылар жауаптағы қателерді «Детектив дәптерімен» тексереді.